Тәрбиеленушілер арасында шағын-футболдан мектепішілік чемпионат туралы
2021-2022 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 27-30 қыркүйегі аралығында Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде тәрбиеленушілер арасында шағын футболдан мектеп чемпионатын өткізу жоспарлануда.
Сыбайлас жемқорлыққа- жол жоқ
Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің басшылықтарының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 30 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің «Шымкент-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жали және Шымкент гарнизонының Әскери полиция бөлімінің (Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл) жөніндегі аға офицері капитан Айтбаев Ербол Жайынбаевичпен мектеп әскери қызметшілер мен қызметкерлерге 2021-2022 жаңа оқу жылының басталу алдында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
РЕЙТИНГ поступающих кандидатов в Шымкентскую республиканскую школу "Жас улан" имени Героя Советского Союза Сабира Рахимова МО РК на 2021 год
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі іс- шарасы өтті.

Мектеп бастығы полковник Г.Тулеушев мектепті үздік бітірген 1 рота 1 взвод ұланы Мырзақұлов Раббиге үздік аттестатын, мақтау грамотасын табыстап, сәт-сапар тіледі.
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі

2021 жылдың 12 маусымда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде, жеке құрам, әскери қызметшілердің қатысуымен сағ.09:00-де карантинге байланысты санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы шарттарын орындап, мектеп бітіруші 210 ұландарға аттестат тапсыру рәсім іс- шарасы өтті.
Шымкентте «Жас ұлан» мектебінің түлектері мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ тапсырды

Кеңес Одағының Батыры, генерал Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің 210 түлегі мемлекеттік емтихандар мен ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды.
Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны

Шымкент республикалық "Жас ұлан' мектебінің мектеп кітапханашылары 4-маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» атты кітап көрмесі, фотокөрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Ж.Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен, мерзімді басылымдар мақалалары қойылды.
Рәміздер-Тәуелсіздік тұмары

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін бірінші құнды белгілер.
Н.Ә.Назарбаев
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде 2021 жылғы түлектердің қорытынды аттестациясын өткізу

2021 жылғы 1-10 маусым аралығында ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент "Жас ұлан" республикалық мектебінде 210 адам 11-сынып түлектерінің қорытынды аттестаттауы өткізілуде.