САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ
Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Министрлер Кеңесі 1983 жылғы 26 мамырдағы №473, Қорғаныс Министрінің 1984 жылғы 29 мамырдағы №10913, Қазақ Советтік Социалистік Республикасы ағарту министрлігінің 1984 жылғы 29 мамырдағы №115-158 бұйрығы, Шымкент атқару комитетінің облыстық кеңесінің 1984 жылғы 5 шілдедегі бұйрығы негізінде «Республикалық мамандырылған мектеп-интернаты орыс тілін тереңдетіп оқыту және әскери кәсіпке бағытталған» мектеп ашылды.
⁕ ⁕ ⁕
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің №587 1992 жылғы 9 шілдедегі «Орыс тілімен тереңдетіп оқытатын және әскери дене шынықтыруға дайындайтын мамандандырылған мектеп интернатының жасақталуы мен қайта аты берілуі туралы» қаулысы Республикалық әскери мектеп интернаты болып аталды.
⁕ ⁕ ⁕
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы Қаулысы негізінде мектепке Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымовтың есімі берілді.
⁕ ⁕ ⁕
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қыркүйегіндегі №789 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және мемлекеттік мекемені қайта атау туралы» қаулысы негізінде Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі болып аталды.
Осы уақытқа дейін барлығы 4792 түлек әскери білім ордасынан ұшты.
⁕ ⁕ ⁕
Қазақстан Республикасы Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының ақылды саясатының арқасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі №444 бұйрығымен Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжі құрылды.
Әскери колледж техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша кіші командалық құрамды даярлауды жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай. Негізгі орта білім беру базасында мынадай мамандықтар мен біліктіліктерге: мотоатқыштар бөлімшелерін басқару, танк бөлімшелерін басқару, зымыран әскерлері мен артиллерия әскерлерінің бөлімшелерін басқару. Оқуды аяқтағаннан кейін білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі (қосымшамен бірге).








