ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Әскери колледждің тәрбие жұмысының тақырыбы:
Әскери колледж басшылығының негізгі күш жігері берік жарғылық тәртіпті сақтауға, оқудың қауіпсіз жағдайларын жасауға, салауатты моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталған және жан-жақты білім мен саналы тәрбие беру арқылы қазақстандық ұлтжандылықты, төзімділікті, рухани құндылықты, рух-жігері шыңдалған әлеуметтік жағынан белсенді тұлғаны қалыптастыру.
Мақсаты:
Ұландардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу. Әскери тәрбие беру ісін жоспарлауда тәрбиеге қатысты төмендегі мемлекеттік-құқықтық құжаттарды негізге алады:
- «ҚР ҚК Басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары мен бұйрықтары»;
- «Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы»;
- «Бала құқығы туралы Декларациясы»;
- «Бала құқығы конвенциясы»;
- «Бала құқықтары туралы Заңы»;
- «Қазақстан Республикасы Жастар саясаты туралы бағдарламасы».
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №848 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 22 сәуірдегі №227 бұйрығы бойынша Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бағдарламасы басты мақсат етіп алынған.
Әскери колледж Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бағдарламасында нақтыланған 8 бағыт бойынша жұмыстар жасайды.
Оқу жылының басында 1 курсқа топ жетекшілері, тәрбиеші-офицерлер мен оқу взводының командирлері тағайындалады.
Әскери колледж басшылығының негізгі әрекеті: Жарғылық тәртіпті қолдау мен салауатты өмірдің моральдық-психологиялық жағдайын құруға, әскери қызметті жетілдіру мен оқу және тәрбие процесінің сапасын көтеруге, қызмет пен оқуда қауіпсіз жағдайлар құру, ұландар мен әскери қызметшілердің жарақат алу фактілерін жоюға бағытталады.








