Әскери колледждің медициналық қызметі

Әскери колледждің медициналық пункті казармалық ғимараттың бірінші қабатында орналасқан: медициналық қызмет бастығының кабинеті, жалпы практика дәрігерінің кабинеті, терапевт кабинеті, емдеу кабинеті, 30 төсектік лазарет, 4 төсектік бокс және дәріхана. Әскери колледждің медициналық пунктінде "Денсаулық-Экспресс" аппараттық-бағдарламалық кешені бар.

Жеке медициналық жедел жәрдем көлігімен қамтылған.

Әскери колледждің медициналық пунктінде жоғары білікті медицина қызметкерлері: жоғары санатты дәрігерлер, аға мамандар (санитариялық нұсқаушылар), дәріхана меңгерушісі (провизор), медбикелер, тазалықшы және санитар жүргізушісі жұмыс істейді.

Әскери колледждің медициналық пунктіндегі медициналық және фармацевтикалық қызмет лицензия негізінде жүзеге асырылады:

Медициналық қызметке Лицензия, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлері:

- Мамандықтар бойынша ересектерге амбулаториялық-емханалық көмек

- Консультациялық-диагностикалық көмек

- Терапия

Фармацевтикалық қызметке Лицензия.

Әскери колледждің медициналық пункті күндізгі стационарда білікті медициналық көмекті қажет етпейтін тәрбиеленушілерді амбулаториялық қабылдау мен емдеуді жүргізеді. Жыл сайын Шымкент қаласының №2 емханасымен медициналық мамандарға қызмет көрсету туралы шарт жасалады.

Дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету

Қапшағай қ. № 64192 ә/б орталықтандырылған, сондай-ақ сатып алуды "СК Фармация" ЖШС-мен жүргіземіз.

 

Құжаттың атауы
1 №075/У нысаны бойынша анықтама (бой, салмақ, кеуде, бел, жамбас, бас өлшемдері көрсетілген)
2 Мамандардың қорытындылары: педиатр/терапевт, офтальмолог, отоларинголог, невропатолог, хирург, стоматолог
3 Амбулаторлық карта (Ф-№112)
4 Амбулаторлық картасынан үзінді көшірме (Ф-№27)
5 Профилактикалық егулер туралы мәліметтер көшірмесі (Ф-№63)
6 Созылмалы және жұқпалы аурулар бойынша есепте тұрмау туралы анықтама (соңғы 12 ай)
7 5 жыл ішінде диспансерлік есепте тұрмағаны жөнінде аймақтық дәрігердің анықтамасы
8 Эпидемиологиялық қоршау туралы анықтама (терапевттен/педиатрдан)
9 Туберкулезге қарсы диспансерден анықтама (1 айға жарамды)
10 Психоневрологиялық диспансерден анықтама (1 айға жарамды)
11 Тері-венерологиялық диспансерден анықтама (1 айға жарамды)
12 Наркологиялық диспансерден анықтама (1 айға жарамды)
13 Наркотест нәтижесі (наркодиспансерде өтеді) (1 айға жарамды)
14 Жалпы қан талдауы (15 күннен ерте емес)
15 Жалпы несеп талдауы (15 күннен ерте емес)
16 Нәжіс құртжұмыртқасына талдау (3 реттік, 15 күннен ерте емес)
17 Тыныштық жағдайындағы ЭКГ (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша) (15 күннен ерте емес)
18 Эхокардиография (жүрек УДЗ), ЭКГ (15 күннен ерте емес)
19 Кеуде қуысы ағзаларын флюорография немесе рентген (3 айдан ерте емес)
20 Мерезге микрореакция (МПР) талдауы
21 Туу туралы куәліктің көшірмесі, ЖСН көшірмесі