Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжіне түсу тәртібі

 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжіне түсу (бұдан әрі – Колледж) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы №35  «Сәйкес деңгейінің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарында оқуға қабылдау Ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Әскери колледжге 1 маусымға дейін он бес жасқа толық толған және он жеті жастан асып кетпеген азаматтар қабылданады.

Әскери колледжге түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Еркін нысандағы оқуға қабылдау туралы өтініш немесе оқуға түсушінің тегі, аты мен әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекен-жайы, заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.
  2. Жеке куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа). Оқуға түсуші 16 (он алты) жасқа толғанға дейін туу туралы куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) ұсынылады.
  3. Білімі туралы құжаттар, негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).

4. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№716 бұйрығы  және Әскери колледжге келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі:

-жалпы қан талдауы;

-мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

-жалпы зәр талдауы;

-мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы;

-12 (он екі) бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша);

-кеуде қуысы ағзасын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кешіктірілмей жүргізіледі;

-бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар);

-амбулаториялық пациенттің медициналық картасы;

-профилактикалық екпе картасы.

  1.  Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшеден ішкі істер органында есепте тұрмауы туралы қосымша анықтама.
  2.  Спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар байқауында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық  жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (бар болса).
  3. Өлшемі 3х4 фотосурет – 4 дана.
  4. Ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда):

ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;

ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;

ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.

  1. 9. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама ұсынады.

Толық құжаттар тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.

Оқуға түсуші қабылдау жылын қоса алғанда, 1–5 тамыз кезеңінде Әскери колледжге заңды өкілдерімен келеді және қабылдау туралы өтініш береді.

Азаматтар мен әскери қызметшілерді Әскери колледждерге қабылдау 1–20 тамызда мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

ІІ кезең – әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

ІV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ӘРБІР ҚАБЫЛДАУ КЕЗЕҢІНЕН ТЕК БІР РЕТ ӨТУГЕ ЖОЛ БЕРІЛЕДІ. АЛДЫҢҒЫ КЕЗЕҢНЕН ӨТПЕГЕН ОҚУҒА ТҮСУШІ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖІБЕРІЛМЕЙДІ.

Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталандыру, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиялары құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша Әскери колледждердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімдерімен бірлесіп жүргізеді.

Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша Әскери колледждерде оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылатын медициналық комиссия жүргізеді.

 

Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру мынадай дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды:

Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер

Белтемірге тартылу

60 метрге жүгіру

2000 метрге жүгіру

Балл

10

8.4

9.20

60

 

8.6

9.30

55

9

8.8

9.40

50

 

9.0

9.50

45

8

9.2

10.00

40

 

9.4

10.15

35

 

9.6

10.30

30

 

9.8

10.45

25

7

10.0

11.00

20

Барлық жаттығу үшін балдар жиынтығы бойынша
60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсуші кезеңнен өтпеген болып саналады.

Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиялары қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және оқуға түсушілердің ең жоғарыдан ең төменгіге дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша Әскери колледждер қабылдау комиссияларының хаттамаларымен рәсімделеді.

 Әскери колледждерге рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.

КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ КӨРСЕТКІШТЕР БІРДЕЙ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА "ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ 16 АҚПАНДАҒЫ № 561-IV ҚРЗ ЗАҢЫНЫҢ 39-БАБЫНЫҢ 1-ТАРМАҒЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫ БАР, АТАП АЙТҚАНДА:

-жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-әскери-даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының түлектері;

-қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе əскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған əскери қызметшілер балалары;

-тізбесін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пəндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық жəне халықаралық конкурстарының жəне спорттық жарыстардың бірінші, екінші, үшінші дəрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пəніне сəйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пəндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші, екінші, үшінші дəрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының артықшылықты құқығы бар.

Қабылдау комиссияларының шешімдері қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет ресурста орналастырылады. Апелляцияға өтініштер 22 тамызда сағат 11.00-ге дейін қабылданады.

Қабылдау комиссиясының қабылдау туралы шешімі
23 тамызда Әскери колледж бастығының бұйрығымен бекітіледі.

 

БАСЫЛЫМДЫҚТАР:

  1. мансаптық өсу;
  2. әскери қызмет өткеру барысында, оның ішінде шетелдік әскери оқу орындарында біліктілігін тұрақты арттыру;
  3. елдегі жоғары оқу орындарына түсетін болса оқу құнының 50%-ын төлеу;
  4. қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе тұрғын үй төлемдерін алу;
  5. тегін медициналық қамтамасыз ету, оның ішінде отбасы мүшелеріне тегін медициналық көмек көрсету;
  6. мектепке дейінгі мекемелерге (балабақша) балаларын кезектен тыс орналастыру;
  7. 45-47 шектік жасы бойынша зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі;
  8. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету.

 

ҚОРЫТЫНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН СӘТТІ ӨТКЕН ТҮЛЕКТЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ КӘСІПТІК БІЛІМ ТУРАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ, ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ, «КІШІ СЕРЖАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫН БЕРУМЕН ӘСКЕРИ БИЛЕТ БЕРІЛЕДІ.

 

ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжі төмендегі біліктілік бойынша дайындайды:

 

  1. мотоатқыштар бөлімшелерін басқару – 60 ұлан;
  2. танк бөлімшелерін басқару – 30 ұлан;
  3. радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерін басқару – 30 ұлан.