Әскери колледжде бірнеше үйірмелер жұмыс жасайды.

1.    Колледж қабырғасында: «SMART-SARBAZ»,   Вокал, Ұлттық музыка, Би   үйірмелері және Дебат клубы үйірмесі жұмыс жасайды.

2.    Оқушылар сарайында: Журналистика, Физика және математика, 3D жобалау (моделирование), Шахмат, Биология, Шешендік өнер, Барабаншылар үйірмелері және Дебат клубына сабақтан тыс уақытында қатысады.   

3.    Әскери колледжі мен Шымкент қаласындағы №2 Оқушылар сарайы арасында меморандум түзілді. Меморандум аясында тараптар бірлескен жобалар жасап, ғылыми-ағартушылық, инновациялық зерттеу, шығармашылық қызметтер ұйымдастырылды. Сондай-ақ осы меморандум аясында Әскери колледж ұландары №2 Оқушылар сарайындағы үйірмелерге қатысып, өздерін жан-жақты дамытатын болады.