ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжі
Психологиялық жұмыстар қызметі
Психологиялық жұмыстар қызметі келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1. Халықаралық бала құқығы туралы конвенция;
2. ҚР «Бала құқығы туралы» Заңы;
3. ҚР «Білім туралы» Заңы;
4. Психологтың этикалық кодексі;
5. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
6. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Заңы;
7. Тіл туралы Заңы;
8. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы;
9. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы
4 қыркүйектегі №848 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
10. ҚР ҚМ 2023 жылдың 28 наурызындағы №250 «ҚР ҚК әскери қызметшілерінің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтік мінез-құлқының профилактикасы жөніндегі жұмысты ұымдастыру» бұйрығы;
11. ҚР ҚМ 2025 жылдың 14 ақпандағы №156 «ҚР ҚК әскери қызметшілерінің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтік мінез – құлқының профилактикасы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру» бұйрығы; ҚР ҚМ 2023 жылғы 28 наурыздағы №250 «Қорғаныс министрлігінің әскери регламентін бекіту туралы бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы;
12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
6 сәуірдегі №130 бұйрығы;
13. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы
25 тамыздағы №377 бұйрығы;
14. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы
21 желтоқсандағы №506 бұйрығы.
Психологиялық жұмыстар қызметінің психологтары міндетті:
- әскери колледж тәрбиеленушілерінің психикалық даму ерекшеліктерін зерделеу, психологиялық диагностиканың нәтижелерін дұрыс түсіндіру, диагностикалық және түзету әдістерін пайдалану, ұсыныстар мен қорытындыларды негізгі және объективті түрде шығаруға;
- динамикалық бақылау тобына кіретін тәрбиеленушілерді анықтау бойынша психодиагностикалық іс-шараларға қатысуға;
- колледж бастығының нұсқауы бойынша тәрбиеленушілердің қабілеттері мен бейімділігін дамыту жөнінде ұсынымдар шығаруға;
- тәрбиеленушілердің психологиялық мәселелерін шешуде және олармен тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда оқу рота/взвод командирлеріне консультациялық көмек көрсетуге;
- тәрбиеленушілердің және әскери қызметшілердің тұлға мен интеллекттің бұзылуының психологиялық себептерін анықтау, осындай бұзушылықтардың алдын алуға (түзетуге) қатысу және әзірлеуге;
-психологиялық және медициналық қызметтердің бастықтарына тереңдетілген психоневрологиялық тексеруді қажет ететін сеніп тапсырылған оқу ротасының тәрбиеленушілеріне туралы ақпаратты уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге;
- тәрбиеленушілердің ата-аналарымен және олардың орнын алмастыратын тұлғалармен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен тығыз байланыста жүмыстар жүргізуге;
-психологиялық қызмет бастығына тәрбиеленушілердің моральдық-психологиялық жай-күйі, психологиялық жұмыс бойынша жүргізілген
іс-шаралар туралы жүйелі түрде, ал қажет болған жағдайда дереу баяндауға;
- Әскери колледждің тәрбиеленушілермен оқу процесіне қатысатын оқытушылары және рота/взвод командирлерімен тығыз ынтымақтастықты психологиялық тұрғыда жүзеге асыру;
- Әскери колледж лауазымды тұлғаларының сұраулары немесе тәрбиеленушілердің шағымдары бойынша ұландар мен оқытушылардың эмоционалдық және оқу жүктемесіне оқу кестесіне талдау жүргізуге;
- тәрбиеленушілердің күнделікті колледждегі тұрмыс-тіршілігіне психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыруға;
- сеніп тапсырылған оқу рота тәрбиеленушілеріне тәртіптік жаза қолдану және оқудан шығару мәселелері бойынша мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысуға;
- тәрбиеленушілердің әскери-кәсіптік бағдарлануы және жеке құрамды кәсіби психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларға қатысу;
- жұмыс үшін сеніп тапсырылған материалдық-техникалық құралдарға ұқыпты қарауға;
- тәрбиеленушілерді және азаматтық персоналды психологиялық оқыту-ағарту және белгіленген психологиялық даярлау бойынша сабақтар өткізуге
- өзінің кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға.
- психологиялық жаңа ғылыми жетістіктерді білуге, диагностиканың, психологиялық түзету-дамытудың, психологиялық-профилактикалық жұмыстың заманауи-ғылыми негізделген әдістерін қолдануға;
- үнемі 5 жылдан кем емес өзінің кәсіби-біліктілігін арттыруға.
Психологиялық жұмыстар қызметінің психологтарының мақсаты:
Әскери колледж тәрбиеленушілерінің табысты оқуы, дамуы және кәсіби әскери мамандықты меңгеруіне жағдайлар жасауға бағытталған психологиялық қолдауды жүйелі ұйымдастыру.
Психологиялық қызмет – бұл тәрбиеленушілердің оқу үлгерімін, шығармашылық тұрғыдан өзінің қабілетін іске асыруын, психологиялық жағдайды тұрақтандыруды, психологиялық тұрғыдан өзін-өзі анықтауды және басқа да қолайлы жағдайларды қалыптастыруға сүйемелдеуді. Психологиялық қызмет әскери мамандықты меңгерудегі қиындықтарды анықтауға және диагностикалауға, кеңес беруге, психологиялық қолдау көрсетуге және білім беру ортасы жағдайында қолдауға бағытталған тәрбиеленушілердің және ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің психологиялық әл-ауқатын сақтауды және нығайтуды көздейді.
Психологиялық жұмыстар қызметі келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
- Диагностикалау (әңгімелесу, бақылау, тест жүргізу, сауалнамалар алу, проективті әдістемелер).
- Түзету-дамыту жұмысы (лекция тренингтер, аутотренинтер, тесттер, арттерапиялар, проективті методикалар).
- Профилактика және психологиялық ағарту (лекция-сабақтар, тренинтер, акциялар).
4. Консультация беру.
5. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс (семинарларға қатысу және өткізу, дөңгелек үстел, құжаттамалар).








