2021 жылдың 12 маусымда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде, жеке құрам, әскери қызметшілердің қатысуымен сағ.09:00-де карантинге байланысты санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы шарттарын орындап, мектеп бітіруші 210 ұландарға аттестат тапсыру рәсім іс- шарасы өтті.

Мектеп бітіруші ұландарға аттестат тапсыру рәсімін Шымкент республикалық «Жас ұлан»  мектебінің бастығы полковник Г. Тулеушев ашып,  құттықтау сөз кезегінде мектеп бітіруші ұландарға және олардың ата-аналарына тілек білдіре отырып, «Ержүрек, ұлтжанды азамат болу үшін терең білім мен мықты тәрбие қажет. Қарулы Күштерінің болашақта  тізгінін ұстайтын парасатты ұрпақ ретінде, асар асуларыңыз нық, өмірлік жолдарыңыз ақ, келешекте жарқын болашақ пен сәт-сапар» тілеп, алда келе жатқан  Ұлттық Біріңғай Тесттілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізетіндеріне өз сенімін білдірді. Сонымен қатар мектепті үздік  бітірген 1 рота 1 взвод ұланы Мырзақұлов Раббиге үздік аттестатын табыс етіп, жақсы оқыған ұландарға мақтау грамоталарын табыстады. Іс-шара барысында ұлағатты ұстаздар мектеп бітіруші ұландарға тілектерін білдіріп, сәт-сапар тіледі. Өз кезегінде бітіруші ұландар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, еңбектеріне табыс тілей отырып,  алғыстарын айтты.

 Аталған іс-шара өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастырып, туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту, ұландардың бойындағы патриоттық рухани-адамгершілік  қасиеттерін қалыптастыру,  елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

 

16.06.21 4 16.06.21 16.06.21 16.06.21