ҮСТЕЛ ТЕННИСі МЕН ШАХМАТ ОЙЫНЫ

6-8 желтоқсан күндері Шымкент "Жас ұлан" мектебінде ұландар арасында мектепішілік үстел тенисі мен шахмат спорт ойындары арасында сайыс өтті. Нәтижесінде 3-інші оқу рота ұландары:
үстел тенисінен - Қуандық Нұрлыхан;
шахмат ойынынан - Керімбек Ерасыл жеңімпаз болды.
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=20#sigProId946efe688d
КИНО – ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҚҰРАЛЫ
КИНО – ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҚҰРАЛЫ
29-ыншы қараша күні 1-інші оқу ротасы 3-інші взвод және 6-ншы желтоқсан күні 1-інші оқу ротасы 2-нші взвод ұландары кино премьераларға барды.Тарихи фильмдер тарихи материалдарды тиімді игеруге, қазіргі ұлттық тарихты кеңінен насихаттауға, қазақ жастарының бойында патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге ықпал етеді.
Еліне қамқор болар Жас ұландарымыз ата-ана үмітін ақтар ұл, елдің қалаулы азаматтары болсын!
Шымкент "Жас ұлан" мектебінде 5-9-ыншы желтоқсан күндері аралығында "ЕСІМДЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ..."
Шымкент "Жас ұлан" мектебінде 5-9-ыншы желтоқсан күндері аралығында "ЕСІМДЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ..." тақырыбында тарих және география пәндері бірлестігі апталығы өтуде.
5-інші желтоқсан күні география пәні педагогі Асылзат Құдіретқызы 1-інші ротаның екінші, үшінші; 2-нші ротаның бірінші, екінші взвод ұландарымен, яғни 11-інші сынып ұландары арасында "ҒАЖАЙЫП АЛАҢ" интеллектуалды сайыстын ұйымдастырып жүргізді. География пәні бойынша білімді жастар бас қосты. Бұл сайыста "шкатулка", "сыйлық", "банкрот", "сектор +", ән мен күй және қатысушылар арасында толқу мен әріпті таппай, қате айтудан қорқу ? болса, ал көрермендерде тек тамаша, көтеріңкі көңіл-күй болды
3-інші қараша күні Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің Академиялық басқармасы оқу-әдістемелік бөлім бастығы қызметкер Бәйдібек Шәріпбекұлының басқарумен

3-інші қараша күні Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің Академиялық басқармасы оқу-әдістемелік бөлім бастығы қызметкер Бәйдібек Шәріпбекұлының басқарумен 2-нші оқу рота ұландары "USTUDY" АЙМАҚТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНА барып ҰБТ бақылауынан өтті. Ұландармен бірге взвод командирлері, сынып жетекшілер болды. Ұландар "бір оқушы - бір компьютер - бір камера" форматында ҰБТ бақылауын тапсырды. Тапсырған ұландар тест сұрақтары оңай емес екендігін және оқуларын тереңдету қажетімен айтып бөлісті. Мектеп түлектерінің бағындырар асулары биік болсын, Сәттілік тілейміз Сіздерге!
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=20#sigProId6d066124c1
15-інші қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебі ұландары мен майор Кеңесбеков Бағлан Кеңесбекұлы

15-інші қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебі ұландары мен майор Кеңесбеков Бағлан Кеңесбекұлы 80 IT мектеп-лицей базасында өткен қазақтан шыққан тұңғыш генерал - Сабыр Омарұлы Рахымовтың туғанына - 120 жыл толуына арнаған іс-шараға қатысты. Іс-шараға қатысушы жастар отты жылдар ерліктеріне терең бойлап, темір генералдың тұлғасына деген қызығушылығы артты, музыкалық әуендер орындап, Сабыр Рахымовтың өмірі, жауынгерлік жолы мен ерліктері туралы шығармалар оқыды.
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=20#sigProId3c144f6a00
16-ншы қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебінің 3-інші оқу рота ұландары

16-ншы қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебінің 3-інші оқу рота ұландары Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма теарына барды. Ұландар Р. Отарбаевтың “Нашақор туралы новелла” драмасының желісі бойынша қойылған “Шырмауық” спектаклі қойылымын көрді.
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=20#sigProIde1b0509531
18-інші қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебінің 3-інші, 4-інші рота ұландары

18-інші қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебінің 3-інші, 4-інші рота ұландары қаламыздың N125 жалпы орта мектебінде өткен қазақтан шыққан тұңғыш генерал - Сабыр Рахымовтың 120 жыл толу іс-шарасына қатысты. Іс-шарада алғашқы әскери дайындық жаттығуларын орындауда білуге тиіс кейбір қырлары туралы майор Ж. Тапашев оқушылармен бөлісті.
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=20#sigProId45e17337bf
Дұрыс мамандық таңдау – болашағыңды таңдау

Дұрыс мамандық таңдау – болашағыңды таңдау
2022 жылдың 1 қарашасында Шымкент гарнизоны 35748 әскери бөлімі Танк ротасының взвод командирі аға лейтенант Ж.Құдайбергенов пен взвод сержанты аға сержант С.Тәттібай Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің ұландарымен Танкист мамандығымен таныстыру мақсатында сабақ өткізді.
Танкист мамандығының иегерлері мектеп тәрбиеленушілеріне Отан алдындағы парыз, әскери қызмет жайында, темір сауытты, шынжыр табанды әскер көлігі – танк жайында егжей-тегжейлі қызықты ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында Халықаралық Армия ойындары, оның ішінде «Танк биатлоны» жеке сайысы жөнінде қызықты деректер айтылып, бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ, танкист мамандығының мән-мақсаты, оның атқаратын рөлі, әскери техниканы игерудегі ерекшеліктері мен танк экипажында қызмет ету жайында қызықты әңгілмелесу болды.
Ұландар мамандық таңдау бойынша, темір қалқанды әскери техника туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, қанағаттанарлықтай жауаптар алды.
Сонымен қатар, кездесуге келген ерекше мамандақ иегерлері өз кезегінде ұландарға – Егеменді еліміздің Қарулы Күштерінде, мейлі снайпер, ұшқыш немесе танкист болсын, тек сауатты, өз ісін жетік білетін жоғары білікті мамандар қызмет етуі қажет екенін, сондықтан, болашақта әскери қызметті абыроймен атқарып, рухы биік, болашақтары жарқын болуға тілек білдірді.
Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі
3-сыныпты сержант Б.Жусупов
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=20#sigProId08274b1b2f
БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫРЫ

БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫРЫ
2022 жылдың 31 шілдесінде түстен кейінгі уақытта Арыс ауданы, Ақдала елді-мекенінде жазғы демалыста жүрген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі ұлан Жақсылық Әділет Бағжанұлы және туыс ағасы Жақсылық Нұрғиса Бағланұлы Түркістан-Арыс каналынан суға батып кеткен 9 жасар баланы құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ата-анасы мен жедел-жәрдем қызметкерлеріне табыстады.
Сол күні Әділет пен Нұрғиса үй шаруысымен айналысып жүріп өзен жақтан айқайлаған балалардың даусын естіп жүгіріп барады. Балалар кішкентай баланың суға батып кеткенін айтқанда ағайындылар кідірместен суға секіріп кетеді.
Ұлан Жақсылық Әділет баланы су астынан тауып, жағаға шығарып, жүрек қағысын тыңдайды, әлсіз естіліп тұрғанын байқаған соң дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастап кетеді, ұлан Жақсылық Әділет жедел-жәрдем келгенше жасанды тыныс алдыру шараларын жасап балаға алғашқы медициналық көмек береді.
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі ұлан Жақсылық Әділетке ерлігі үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тарапынан «ЕЛ ҚОРҒАНЫ» медалін мектеп бастығы полковник Г.Тулеушев және Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Тлеуханов салтанатты түрде табыстады.
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=20#sigProIdd3596575bc
«Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» Бауыржан Момышұлы

«Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет,
патриот болу – парыз»
Бауыржан Момышұлы
Болмысынан жүрегі жерім, елім, ұлтым деп соққан, жауына басын имеген, жалаң қылыштан именбеген қазақтың әр боздағы мен ұрпағымыздың тектілігін ойлаған аналарымыздың жанқиярлық әрекеттері мен айтқан өсиеттері тарихтың бетінде шұбалып жатыр. Арғысы қазақ хандығының құрылғанынан, бергісі Тәуелсіздік алып ел болған аралықты алғанның өзінде талай хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, елім деп еміренген, жұртым деп күңіренген, тілім деп тебіренген ата-апаларымыздың еңбегіне мың алғыс. Осындай тектілік пен тазалықтың, мөлдірлік пен тұңғиықтың сарқыншағы болған біз бүгінгі жастар. Ата-бабамыздың қанымен, анамыздың сүтімен бойымызға тараған ұлтымызға, дініміз бен тілімізге деген патриоттық сезімді келесі бозбала мен бойжеткенге үлгі ретінде көрсету әсіресе біз «Жас ұлан» мектебінің тәрбие берушілеріне үлкен міндет.
Осы орайда, Түркістан қаласында «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен «Патриотизм – терең білім мен еңбекқорлықтың негізгі бастауы» атты іс-шараға Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Кездесу барысында мектебіміздің ұландары келген қонақтармен сұхбаттасып, орта мектептен келген оқушыларға, іні-қарындастарға әскери тәртіптің қызықтар мен пайдасы туралы, оқу мен тәртіпті, тәрбие мен талапшылдықты ұштастыру маңыздылығы жайында пікір алмасты.
Сонымен қатар, мектебіміздің ұландары өздеріне үлгі тұтатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымын атқарған, ҚР ҚК Бас штабының өкілі,
ҚР Парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, білім майталманы генерал-лейтенант Тасболатов Абай Бөлекбайұлымен кездесіп, генерал ағалары «Білім – инемен құдық қазғандай» білімдерін әскери өмірмен қатар ұштастырып, бойларында төзімділік, ұстамдылық, ұтқыр шешім қабылдауды, бойларындағы нағыз Отансүйгіштік қасиеттерін әрқашанда биік ұстауларын айтып өтті.
Шара аяқталған соң, ұландарымыз киелі Түркістанның көрнекі жерлерімен танысу мақсатында Түркі халқының мақтанышы болған Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың рухына тағзым етіп кесенеге ат басын бұрды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына, Аль-Фараби кітапханасына, Керуен-Сарай ойын-сауық кешенін аралап, үлкен әсермен оралды.
Ұландарымыздың осындай ауқымды іс-шараға қатысуы оларды жігерлендіріп, ынталандырып, олардың өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға деген сенімдерін шегелей түспек.
ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы
Шымкент республикалық Жас ұлан» мектебінің
рота командирі майор Н.Нартаев
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=20#sigProId5e4030ee18