18-інші қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебінің 3-інші, 4-інші рота ұландары
18-інші қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебінің 3-інші, 4-інші рота ұландары қаламыздың N125 жалпы орта мектебінде өткен қазақтан шыққан тұңғыш генерал - Сабыр Рахымовтың 120 жыл толу іс-шарасына қатысты. Іс-шарада алғашқы әскери дайындық жаттығуларын орындауда білуге тиіс кейбір қырлары туралы майор Ж. Тапашев оқушылармен бөлісті.
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=30#sigProId45e17337bf
Дұрыс мамандық таңдау – болашағыңды таңдау
Дұрыс мамандық таңдау – болашағыңды таңдау
2022 жылдың 1 қарашасында Шымкент гарнизоны 35748 әскери бөлімі Танк ротасының взвод командирі аға лейтенант Ж.Құдайбергенов пен взвод сержанты аға сержант С.Тәттібай Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің ұландарымен Танкист мамандығымен таныстыру мақсатында сабақ өткізді.
Танкист мамандығының иегерлері мектеп тәрбиеленушілеріне Отан алдындағы парыз, әскери қызмет жайында, темір сауытты, шынжыр табанды әскер көлігі – танк жайында егжей-тегжейлі қызықты ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында Халықаралық Армия ойындары, оның ішінде «Танк биатлоны» жеке сайысы жөнінде қызықты деректер айтылып, бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ, танкист мамандығының мән-мақсаты, оның атқаратын рөлі, әскери техниканы игерудегі ерекшеліктері мен танк экипажында қызмет ету жайында қызықты әңгілмелесу болды.
Ұландар мамандық таңдау бойынша, темір қалқанды әскери техника туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, қанағаттанарлықтай жауаптар алды.
Сонымен қатар, кездесуге келген ерекше мамандақ иегерлері өз кезегінде ұландарға – Егеменді еліміздің Қарулы Күштерінде, мейлі снайпер, ұшқыш немесе танкист болсын, тек сауатты, өз ісін жетік білетін жоғары білікті мамандар қызмет етуі қажет екенін, сондықтан, болашақта әскери қызметті абыроймен атқарып, рухы биік, болашақтары жарқын болуға тілек білдірді.
Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі
3-сыныпты сержант Б.Жусупов
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=30#sigProId08274b1b2f
БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫРЫ
БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫРЫ
2022 жылдың 31 шілдесінде түстен кейінгі уақытта Арыс ауданы, Ақдала елді-мекенінде жазғы демалыста жүрген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі ұлан Жақсылық Әділет Бағжанұлы және туыс ағасы Жақсылық Нұрғиса Бағланұлы Түркістан-Арыс каналынан суға батып кеткен 9 жасар баланы құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ата-анасы мен жедел-жәрдем қызметкерлеріне табыстады.
Сол күні Әділет пен Нұрғиса үй шаруысымен айналысып жүріп өзен жақтан айқайлаған балалардың даусын естіп жүгіріп барады. Балалар кішкентай баланың суға батып кеткенін айтқанда ағайындылар кідірместен суға секіріп кетеді.
Ұлан Жақсылық Әділет баланы су астынан тауып, жағаға шығарып, жүрек қағысын тыңдайды, әлсіз естіліп тұрғанын байқаған соң дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастап кетеді, ұлан Жақсылық Әділет жедел-жәрдем келгенше жасанды тыныс алдыру шараларын жасап балаға алғашқы медициналық көмек береді.
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі ұлан Жақсылық Әділетке ерлігі үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тарапынан «ЕЛ ҚОРҒАНЫ» медалін мектеп бастығы полковник Г.Тулеушев және Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Тлеуханов салтанатты түрде табыстады.
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=30#sigProIdd3596575bc
«Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» Бауыржан Момышұлы
«Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет,
патриот болу – парыз»
Бауыржан Момышұлы
Болмысынан жүрегі жерім, елім, ұлтым деп соққан, жауына басын имеген, жалаң қылыштан именбеген қазақтың әр боздағы мен ұрпағымыздың тектілігін ойлаған аналарымыздың жанқиярлық әрекеттері мен айтқан өсиеттері тарихтың бетінде шұбалып жатыр. Арғысы қазақ хандығының құрылғанынан, бергісі Тәуелсіздік алып ел болған аралықты алғанның өзінде талай хандар мен сұлтандар, батырлар мен билер, елім деп еміренген, жұртым деп күңіренген, тілім деп тебіренген ата-апаларымыздың еңбегіне мың алғыс. Осындай тектілік пен тазалықтың, мөлдірлік пен тұңғиықтың сарқыншағы болған біз бүгінгі жастар. Ата-бабамыздың қанымен, анамыздың сүтімен бойымызға тараған ұлтымызға, дініміз бен тілімізге деген патриоттық сезімді келесі бозбала мен бойжеткенге үлгі ретінде көрсету әсіресе біз «Жас ұлан» мектебінің тәрбие берушілеріне үлкен міндет.
Осы орайда, Түркістан қаласында «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен «Патриотизм – терең білім мен еңбекқорлықтың негізгі бастауы» атты іс-шараға Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Кездесу барысында мектебіміздің ұландары келген қонақтармен сұхбаттасып, орта мектептен келген оқушыларға, іні-қарындастарға әскери тәртіптің қызықтар мен пайдасы туралы, оқу мен тәртіпті, тәрбие мен талапшылдықты ұштастыру маңыздылығы жайында пікір алмасты.
Сонымен қатар, мектебіміздің ұландары өздеріне үлгі тұтатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымын атқарған, ҚР ҚК Бас штабының өкілі,
ҚР Парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, білім майталманы генерал-лейтенант Тасболатов Абай Бөлекбайұлымен кездесіп, генерал ағалары «Білім – инемен құдық қазғандай» білімдерін әскери өмірмен қатар ұштастырып, бойларында төзімділік, ұстамдылық, ұтқыр шешім қабылдауды, бойларындағы нағыз Отансүйгіштік қасиеттерін әрқашанда биік ұстауларын айтып өтті.
Шара аяқталған соң, ұландарымыз киелі Түркістанның көрнекі жерлерімен танысу мақсатында Түркі халқының мақтанышы болған Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың рухына тағзым етіп кесенеге ат басын бұрды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына, Аль-Фараби кітапханасына, Керуен-Сарай ойын-сауық кешенін аралап, үлкен әсермен оралды.
Ұландарымыздың осындай ауқымды іс-шараға қатысуы оларды жігерлендіріп, ынталандырып, олардың өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға деген сенімдерін шегелей түспек.
ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы
Шымкент республикалық Жас ұлан» мектебінің
рота командирі майор Н.Нартаев
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=30#sigProId5e4030ee18
«25 қазан –Республика күні» Ұлттық мереке атап өтілді
«25 қазан –Республика күні»
Ұлттық мереке атап өтілді
2022 жылдың 22 қазанында ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде еліміз үшін атаулы күн болып табылатын 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны мектеп бастығы полковник Г.Тулеушев салтанатты түрде ашып беріп, үлгілі ұландар қатарын, әскери қызметкерлер, қызметкерлер, педагогтер құрамын мадақтамамен марапаттап, алғыс жариялады.
Жиынға мектептен еңбек жолын аяқтап, зейнеткерлікке шыққан ардагерлері қонақ болды.
Мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп тәрбиеленушілері «Атамекен», «Қазағым», «Егемен Қазақстан» әндерін айтып, фольклорлық топ күйлер орындап және естелік суреттерге түсумен аяқталды.
Осыған орай, Егемен еліміздің игілігі мен өркендеуі үшін алдағы тапсырмаларды іске асыруда, Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Сіздерге әскери саласын өркендету жолындағы қызметтеріңізге мол табыстар, жанұяларыңызға береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің
психологы, қызметкер С.Бақберген
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=30#sigProId61314a875f
Қанатты қыз – Хиуаз.
Қанатты қыз – Хиуаз.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің кітапханасында Ұлы Отан Соғысының Батыры, Халық қаһарманы ұшқыш Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына орай кітапханашылардың ұйымдастыруымен 4 оқу ротасының ұландарымен «Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова» атты танымдық сағат өткізілді.
Батыр апамыз жайлы кітап көрмесі безенділіп, деректі фильмдер көрсетілді. Іс-шара барысында 1оқу ротасының ұланы Шілдебай Нәзір Хиуаз Доспанованың ерліктеріне тоқталып, ұландар өлең-шумақтарын жатқа айтты. Іс-шарадан ұландар батыр апамыздың ерліктеріне тәнті болып, патриоттық сезімді ұштастыра отырып керемет әсер алды.Ұлы батырларымыздың ерлігін ұлықтап,болашақ Отан қорғаушыларға өнеге ету – біздің басты борышымыз.
Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің
кітапхана қызметкері Мырзабекова Натипа
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=30#sigProId2c744043cc
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті!
2022 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің аға офицері (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі) капитан Е.Айтбаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жеке құраммен сабақ өткізілді.
Мектептің жеке құрамымен өткізілген сабақты ашқан мектеп бастығы полковник Г.Тулеушев сыбайлас жемқорлық – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, дамуын тежейтін факторлардың бірі болып табылатынын, қызмет бабында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әрбір тұлғаның азаматтық парызы екенін айтып өтті.
Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің аға офицері капитан Е.Айтбаев өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың туындау тәуекелін болдырмау іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын, ҚР Қарулы Күштерінің сыбайлас жемкорлыққа қарсы стандарттарының талаптарын, ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстерінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық үшін қарастырған баптарын, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын таныстырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Сонымен қатар, жеке құраммен өткізілген сабақта мемлекеттік қызметкерлердің, басшылардың заңсыз ақша қаражатын жинап, құқық қорғау қызметкерлерімен ұсталғаны, ҚР Қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотталу фактілері мысалға келтірілді, бейнероликтер көрсетілді.
Қызмет бабында пара ұсыну фактілері болған жағдайда орын алған құқық бұзушылықты бей-жай қалдырмай, жедел басшылық пен құзырлы органдарға немесе сенім телефондарына хабарлау қажеттілігі айтылды.
ҚР Заңдарының талаптарын қатаң сақтау, әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларын жүзеге асыру – әрбір әскери қызметкердің міндеті.
Қазақстан Республикасының Президентінің жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағытын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ұстану азаматтық парызымыз.
Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі
бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық
жұмыстары басқармасының бастығы
подполковник М.Мадрахимов
11-інші қыркүйек күні Шымкент қаласында жүгіруден өткен
11-інші қыркүйек күні Шымкент қаласында жүгіруден өткен «Марафон – 2022»-ге Шымкент «Жас ұлан» мектебі тәрбиеленушілері де қатысып марафоншылар атанды. Биылғы марафонға облыс, қаладан, алыс-жақын шетелдерден атап айтсақ: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтықта бақ сынауда бес мыңға жуық адам қатысты. Жеке құрам "Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін" ұранмен бөлінбей, бір адыммен взвод болып, бес шақырым жүгіруді бағындырып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2018-інші жылдан бері шырайлы Шымкентте әр жыл сайын жүгіру марафоны өтеді, биыл бесінші рет өтті. Қатысушылар саны артып, ал жүгіру жарыстарының ауқымы кеңейді. Бұл тамаша естелік қалдыратын нағыз спорттық мерекеде Шымкент "Жас ұлан" мектебінің отыз бір тәрбиеленушісі қатысып, марафоншылар атанды. Бес шақырым жүгіруді взвод болып, бірінен бірі қалмай , ия озып кетпей, мәрені бірлесе бірге бағындырды. МАРАФОНШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=30#sigProIdd0c585193a
ҚР ҚМ Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің 11-сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары мен консультациялары – 2022 жылғы 27 мамыр-13 маусым аралығында өтті.
ҚР ҚМ Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің 11-сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары мен консультациялары – 2022 жылғы 27 мамыр-13 маусым аралығында өтті. Сондай-ақ мектеп бітіруші ұландар ҰБТ сынағынан қатарласып өтіп келеді. Мектеп түлектеріне сәттілік тілейміз, тек жақсы көрсеткіштер мен жоғары балл жинауларына тілектеспіз
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r?start=30#sigProId023d3a5cd0
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні








