2022 – 2023 оқу жылының 19  желтоқсан күні география пәнінің педагогі, педагог-сарапшы Турапбаева Сагира Мустафаевна 4 оқу ротасы, 1 оқу взводымен (10 «Г»)  «Бауыржан Момышұлының - руханиадамгершілік және әскери мұрасы!» тақырыбында ашық сынып сағатын  өткізді.

Ашық сынып сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір жолымен, мәңгі өшпес ерлігімен, еңбектерімен, нақыл сөздерімен  таныстыру. Әрдайым пір тұтуға баулу. Ұландарды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге  тәрбиелеу.