Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен жылда бөлінетін қаражат есебінен, мектеп тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жоспарға сәйкес өткізілетін іс-шаралар:
1) Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры;
2) Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы;
3) Шымкент қалалық «Оңтүстік Циркі»;
4) Облыстық опера және балет театры;
5) Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрларына барып, түрлі әскери-патриоттық тақырыптағы қойылымдар мен концерттік бағдарламаларды тамашалап қайтады.
Сонымен қатар, мұражай меңгерушісінің ұйымдастыруымен мәдени-тарихи мұраларды насихаттау мақсатында мектеп тәрбиеленушілерін:
1) Шымкент қаласында орналасқан ОҚО тарихи-өлкетану музейі;
2) Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі;
3) «Ерлік» музейлеріне экскурсияға барады.