Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде 2021-2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес спорт түрлері: футбол, баскетбол, волейбол ойындарына деген қызығушылығын арттыру, дене шынықтыру жұмыстарын жақсарту, ұландардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту мақсатында мектеп бастығының орынбасары - академиялық басқарма бастығы подполковник А.Оршабеков, спорт базасы бастығы, ҚР ҚК қызметкері Б.Абдрахмановтың ұйымдастыруымен және дене шынықтыру мұғалімдерінің төрағалық етуімен мектепішілік 10-11 сынып ұландардың арасында шағын футболдан , волейбол, баскетболдан жарыс өткізілді.

Додалы жарыс нәтижесі бойынша шағын футболдан бірінші орынды 3 рота 3 взвод командасы, екінші орынды 1 рота 2 взвод командасы, үшінші орынды 4 рота 4 взвод командасы иемденсе, волейболдан 1-ші орынды 1 рота, 2-ші орынды 4 рота, 3-ші орынды 3 рота , 4- ші орынды 2 рота командалары алды, баскетболдан 1-ші орын 3 рота, 2-ші орын 2 рота, 3-ші орын 1 рота, 4-ші орын 4 рота командалары иемденді. Жеңімпаз тәрбиеленушілерді "Жас ұлан" мектеп бастығы полковник Г. Тулеушев сөз сөйлеп, жақсы нәтиже көрсеткен ұландарды құттықтап, футболдан, баскетболдан, волейболдан 1-ші орын иемденген 3 рота тәрбиеленушілеріне ауыспалы кубогын табыстады және 2-3 - ші орын алғандарға кубок, мадақтама қағазымен марапаттады.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✊??

1