2021 жылдың 9 желтоқсан күні Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толуына орай акт залында 1 рота 3 взвод ұландарының қатысуымен "Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны" атты тарихи кеші аталып өтті. Кештің мақсаты қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Іс- шара барысында ұландар ата-бабамыздың азаттық жолындағы қиындықтардан тайсалмай, тәуелсіздік жолында құрбан болып, болашақ ұрпаққа тәуелсіздік алып берген ата-бабаларымызды еске түсіріп, сол кісілерге арналған өлең шумақтарын мәнерлеп айтып, жеткізе білді.
Айта кетейік, тарихқа көз жүгіртсек, қазақ- нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата- бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Еліміздің тәуелсіздік алуы- халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол- баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Сонымен қатар, ұландар тәуелсіздікке арналған әндерін шырқап, "Атамекен" хорымен аяқтады. Іс шараны мектеп бастығының орынбасары- тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Медгат Мадрахимович қорытындылап, өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш, гүлденген келешекке сенім, мәңгілік ел идеямыз жасап, тәуелсіздігіміз баянды болсын!. Тәуелсіздігіміздің тыныштығының тірегіне айналған қарулы күштерінің даңқы биік, мәртебесі асқақтай берсін,- деп сөзін аяқтады.
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r/terbet-eldi-t-uelsizdik-rany#sigProId4c2776ed1e