Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін бірінші құнды белгілер.
Н.Ә.Назарбаев
Ата-бабмыздың аңсаған арманы, алдына қойған ең биік мақсаты болған тәуелсіздігіміздің нышаны мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданағанына биыл 29 жыл толып отыр.
1992 жылдың 4-маусымы–қазақ даласының тарих беттерінде өзіндік орны бар –ерекше күн. Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз- ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіміздің темірқазығы саналатын Мемлекеттік Рәміздер күні ретінде бекітілді.. Бүгінгі күні мемлекеттік рәміздерді насихаттап, қолдану жұмыстары өскелең ұрпақты патриоттық және Отан алдындағы жауапкершілік рухта тәрбиелеудегі басты рөлге ие екендігі баршамызға мәлім.
Осыған орай Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде жеке құрамға, әскери қызметкерлер, ұландарға ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне мерекелік шара аталып өтті.
Мектеп ұландары Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңбаны салтанатпен ортаға алып шығып, еліміздің Гимні шырқалды. Іс-шарада мектеп бастығы полковник Ғ.Ә. Тулеушев сөз алып, мектеп ұжымын Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтап және мерекенің маңыздылығына тоқтай отырып, Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі және халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр. Мемлекеттік саясатты іске асырудағы ізгілікті істердің төрінде тұратын Туымыз бен Елтаңбамыз, оған қосыла шырқалатын Гимн ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса бермек. Туымыз тігулі, Елтаңбамыз төрде, Гимніміз асқақтап, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын дей келе, бүгінгі мерекеге тұспа-тұс келген мемлекеттік емтиханды 11- сынып ұландарына жақсы тапсырып, алда тұрған мемлекеттік аттестациядан, ҰБТ сынағынан сәтті өтіп шығуларына тілектесін білдірді.