«15 мамыр – Халыкаралық Отбасы күніне» орай отбасының бірлігін сақтап, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, татулық пен ұйымшылдыққа және Отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге тәрбиелеу мақсатында, Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің кітапханасында 4 рота 1 взвод ұландарының қатысуымен, «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында мектеп кітапханашылары танымдық сағат ұйымдастырды.

Аталған тақырыпты ашу мақсатында кітапханашы қызметкер А.Оспанкулова отбасылық құндылықтар, ата-ананың бала өміріндегі алатын рөлі, бала тәрбиесі, бала өміріндегі үлкен буын ата-әжелердің тәрбиесінің орны туралы жан-жақты ақпарат берді. Әрі қарай ұландардың тақырыпқа байланысты пікірлері тыңдалып, кейбіреулері өз отбасылары туралы әңгімелеп, бейнероликтер көрсетіліп, отбасы туралы сұрақтар қойылып, ұландар өз пікірлерімен бөлісті.