2023 жылдың 20 наурызында Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесі өткізілді.
Аталған іс-шараға мектептің жеке құрамы, ұландар, ата-аналар мен Шымкент қаласының «Әжелер мен аналар» алқасы қатысты.
Наурыз мерекесі Қыдыр атаның келуімен басталып, ұлттық
салт-дәстүрді ұлықтау мақсатында «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей қамшы өру, ұршық иіру, бұрым өру секілді қазақ халқының атадан балаға келе жатқан тәрбиелік мағынасы зор «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» сайысы өткізілді. Сонымен қатар, арқан тартыс, кіртас көтеру секілді спорттық жарыстары өткізіліп, жеңімпаз ұландар марапатталды.
Мерекелік кештің соңында мектеп бастығы полковник П.Орынбеков, ата-аналар төрайымы сөз алып, бүгінгі іс-шараны қорытындылай келе, белсенді атсалысқан қызметкерлер қатары мен ұландарды мақтау қағаздарымен марапаттады.
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесімен құттықтаймыз! Жер жаһанға шуағын ала келген «Наурыз» мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын!
https://voencollege-shymkent.edu.kz/kk/me-tep-tur-ly/zh-lykt-r/nauryzym-merekem-m-gilik-berekem#sigProId2a2f6e8dd1