Шымкент республикалық "Жас ұлан' мектебінің мектеп кітапханашылары 4-маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» атты кітап көрмесі, фотокөрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы»,  Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Ж.Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен, мерзімді басылымдар мақалалары қойылды.

 04.06.21 10 04.06.21