2021 жылғы 1-10 маусым аралығында ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент "Жас ұлан" республикалық мектебінде 210 адам 11-сынып түлектерінің қорытынды аттестаттауы өткізілуде.

Ағымдағы жылы мектеп түлектері қорытынды аттестаттауды 4 пән бойынша тапсырады: Ана тілі эссе жазу түрінде, алгебра (бақылау жұмысы түрінде), Қазақстан тарихы және қазақ (орыс) тілі тестілеу түрінде.

Қорытынды аттестаттау санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау жағдайында офлайн форматта өткізілуде. Мектептің жеке құрамының ауырып қалуына жол бермеу мақсатында емтихан өткізуге арналған барлық оқу кабинеттері мен сыныптар санитарлық қызметтердің ұсынымдары бойынша дайындалды және жабдықталды.

Қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін мектеп түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттары беріледі.

04.06.21 1 04.06.21 04.06.21 04.06.21