Бүгінде, яғни 25 мамыр күні Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы батыр ағамыз биыл 97 жасқа толып отыр. Осыған орай, Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің кітапханашылары «Ер ерлігін ел қолдайды» атты жеке құрамға, әскери қызметкерлерге, ұландарға армия генералының ерлігі мен өнегелі өмір жолы туралы және Сағадат Нұрмағамбетов елімізде заманауи Қарулы Күштердің іргетасын қалауға бар күш жігерін жұмсап, ел үшін қиын-қыстау кезеңде әскерді басқара отырып, оның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқанын тілге тиек етіп виртуалді кітап көрмесін өткізді. Кітап көрмесіне батыр генералдың жазған «В памяти нет тишины» және «Мой передний край» атты кітаптары қойылды. Ондағы мақсат, армия генералының ерен істерін жастарға үлгі етіп, мәңгі жадында сақтау. Мектеп кітапханашылары, 29 жылдық тарихы бар Қазақстан Қарулы күштері, бүгінде аяғында нық тұрып, елімізге қалқан бола алдық десек, оның түп негізін Сағадат Қожахметұлы сынды қазақтың қайсар ұлдары қалап кеткенін ұландарға әрқашан насихаттап келеді. Мектебіміздің тәрбиеленіп жатқан ұландары, Халық қаhарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолын өздеріне үлгі тұтып және ол кісінің атына кір келтірмеуге тырысатына кәміл сенімдеміз.

25.05.21 1 25.05.21 25.05.21 25.05.21