2023 жылдың 3 наурызында Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде  8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне  орай «ҰЛ  БАЛА – ҰЛТ  ҚОРҒАНЫ» тақырыбында зейнеткерлікте болсада, қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеп келе жатқан еңбек ардагері,  Шымкент қаласы Әл-фараби ауданының «Әжелер мен аналар» алқасының төрайымы Тұрсынай Орынбекқызымен кездесу кеші өтті.

Кездесуде құрметті әжеміз Т.Орынбекқызының өмірі мен еңбек жолымен таныстырылып, мектеп ұландары аналарға ән-шашуларын арнап, өлең жолдарын орындады.

Кездесу соңында мектеп бастығы полковник П.Орынбеков жеке құраммен бірге әжемізге арнайы гүл шоқтарын беріп, сый-құмертін көрсетті.