Хабарландыру!
Құрметті ата-аналар мен талапкерлер!
ҚР Қорғаныс министрлігінің 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбиеленушілерді жаңадан қабылдау мәселесі жөніндегі шешіміне сәйкес, ағымдағы 2023 жылы ҚР ҚМ Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің аумағында жоспарланған мектеп ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеуге байланысты мектепке жаңадан оқуға қабылдау жоспарланбағанын хабарлаймыз.
Құрметпен, Мектеп әкімшілігі. 17 маусым 2023 ж.
2022 жылы ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебіне түскен кандидаттардың рейтингі "
ХАБАРЛАНДЫРУ !!!
Құрметті ұландар мен әскери қызметшілер, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері және ата-аналар!
2021 жылдың 10 желтоқсаны сағат 12.00-де Шымкент республикалық «Жас улан» мектебінің аумағында Шымкент республикалық «Жас улан» мектебінің ұландары мен Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде білім алушылар арасында 1-ші Ашық «Шахмат турнирі» өтеді.
Хабарландыру
Құрметті ата -аналар, карантиндік шараларды сақтау және санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау үшін оқушылардың мектепке келуі кестеге сәйкес қатаң түрде жүргізілетін болады.
Санитарлық-эпидемияға қарсы шараларға байланысты мектеп аумағына кіру Ashyq қосымшасының көмегімен жүзеге асырылады.