3-6 қараша күндері Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «САРЫН» ҚҚҚ ұйымдастыруымен Жергілікті оқу орындарында оқитын студенттер мен курсанттар, жастар арасында «Иманды ұрпақ көбейсе – елдің болар тірегі» тақырыбында эссе жазудан қалалық байқауға қатысты. Байқау өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық, өзін-өзі тану және Отанына деген мақтаныш сезімін арттыра түсу мақсатында болды. Нәтижесінде байқауға қатысушылары марапатталды.

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде 2021-2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес спорт түрлері: футбол, баскетбол, волейбол ойындарына деген қызығушылығын арттыру, дене шынықтыру жұмыстарын жақсарту, ұландардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту мақсатында мектеп бастығының орынбасары - академиялық басқарма бастығы подполковник А.Оршабеков, спорт базасы бастығы, ҚР ҚК қызметкері Б.Абдрахмановтың ұйымдастыруымен және дене шынықтыру мұғалімдерінің төрағалық етуімен мектепішілік 10-11 сынып ұландардың арасында шағын футболдан , волейбол, баскетболдан жарыс өткізілді.

Пәндік олимпиадалар гуманитарлық және математика жаратылыстану бағыты бойынша пәндер екі күнге бөлінді: "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Орыс мектептеріндегі қазақ тілі", " "Орыс тілі мен әдебиеті", "Қазақ мектептеріндегі орыс тілі", "Ағылшын тілі", "Қазақстан тарихы", "Адам. Қоғам. Құқық." және "Математика", "Физика", "Информатика", " Химия", "Биология", "География".

2021 жылдың 6-қараша күні Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің ұландары Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында М. Омарованың «ТОР» мистикалық драмасының премьерасын тамашалады.

⚜️ Жаһанданудың жалмауызына айналған нашақорлық апатының алдын алуға бола ма? Әлемді ат тұяғымен тітіреткен, егеулі найза қолға алған бабалар ұрпағы бүгінгі таңда не себепті азғындану жолына жеңіл ұшырауда?

Шымкент қаласында «Shymqala» этноауылында «Бес қару» fest жобасы бастау алып, 25, 26, 27- қазан күндері болған іс-шара бүгінгі жастарға батырлар институтын қайта жаңғырту, дамыту міндетін алға қоюды мақсат еткен. Онда жасөспірімдерге батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, қылыштасу шеберлері мен каскадерлар жауынгерлік өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағатын өткізді.

15 ноября т.г. в Шымкентской республиканской школе «Жас улан» МО РК в рамках сотрудничества с Национальным университетом обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы и Национальной академической библиотекой Республики Казахстан состоялась выставка-показ нового поступления книг различного жанра от научно-публицистического до художественного направления.

В период с 1 по 5 ноября т.г. в Шымкентской республиканской школе «Жас улан» МО РК в соответствии с Планом основных мероприятий на 2021-2022 учебный год, в целях выявления талантливых и способных воспитанников, развития творческих способностей и интереса к научно-исследовательской деятельности, а также создания необходимых условий для поддержки одаренных детей, организована и проведена внутришкольная предметная олимпиада среди воспитанников 10 и 11 классов школы.
На данном мероприятии в качестве наблюдателей приняли участие управление школы, руководители отделов академического управления, и методических объединений учителей.

Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің 2021-2022 жылға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес және жаппай спорт түрлері н насихаттау, тәрбиеленушілердің бойынан салауатты өмір салтын бойына сіңіру мақсатында , мектеп бастығының орынбасары - академиялық басқарма бастығы подполковник А. Оршабеков, спорт базасы бастығы, ҚР ҚК қызметкері Б. Абдрахмановтың ұйымдастыруымен және дене шынықтыру мұғалімдері, ҚР ҚК қызметкері Н. Джаппаров, Ф. Курбанов, Б. Жетібаевтың төрағалық етуімен 2021 жылдың 20-23 қазан аралығында мектептің 10-11 сыныптарының арасында волейбол, баскетболдан жарыс өткізілді.

Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің 124 жылдығына орай "Ұлттың ұлы жазушысы" атты барлық оқырмандарға кітап көрмесі жасалынды. Кітап көрмесіне М.Әуезовтың таңдамалы шығармалары қойылды.