Шымкент қаласында «Shymqala» этноауылында «Бес қару» fest жобасы бастау алып, 25, 26, 27- қазан күндері болған іс-шара бүгінгі жастарға батырлар институтын қайта жаңғырту, дамыту міндетін алға қоюды мақсат еткен. Онда жасөспірімдерге батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, қылыштасу шеберлері мен каскадерлар жауынгерлік өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағатын өткізді.