Жуырда 1- желтоқсан - Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы мен Ұлттық академиялық кітапханасы Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің кітапханасына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы", "Тәуелсіздік дәуірі", "Қазақстан", "Туған елім - тірегім" және т.б. жалпы 275 дана көркем әдебиет кітаптарын сыйға тартты.

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге,- деген хакім Абайдың сөздерін негізге ала отырып мектеп кітапханасына салиқалы сый жасаған ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының басшыларына, ұжымына, Ұлттық академиялық кітапханасының меңгерушісіне, ұжымына бізге жіберген көркем әдебиеттерге алғысымызды білдіреміз. Тек кітап қана алға жылжуды, адам шыңына шығуға үйретеді - деген Елбасымыздың қанатты сөзінің жаны бар. Себебі, ел болашағы, ел дамуы сауатты әрі білімді жастар қолында. Сондықтан бізге сыйға тартқан кітаптардың берер тағылымы мол.

1