Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне - 30 жыл толу мерейіне орай "Тәуелсіз елім- тұғырың сенің биікте" атты онкүндік өтуде. Аталған онкүндік аясында 22-қараша күні 1 оқу ротасы 2 взвод ұландарымен аға-тәрбиеші майор Мухамеджан Тайшевич пен куратор Бақытгүл Мүсірқұлқызы "Тәуелсіздік жасай берсін мәңгілік!" тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.
Ашық сынып сағатта тәуелсіз еліміздің ән-ұраны шырқалып, ұландар тарапынан патриоттық әндер орындалып, жатқа өлеңдер оқылып, мерекелік слайд пен салынған суреттер қорғалды, жақындарына мерекелік хаттар жазды.