Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің басшылықтарының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 30 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің «Шымкент-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жали және Шымкент гарнизонының Әскери полиция бөлімінің (Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл) жөніндегі аға офицері капитан Айтбаев Ербол Жайынбаевичпен мектеп әскери қызметшілер мен қызметкерлерге 2021-2022 жаңа оқу жылының басталу алдында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Іс-шара барысында Қамбар Жали сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттарына, жауапкершіліктеріне тоқталып, мектепте ата-аналардан ақша жинау, басқа да фактілерін болдырмау мақсатында жұмыс жасауды талап етсе, капитан А. Айтбаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою туралы негізгі бағыттарға тоқталып, түсіндіру жұмысын жүргізді.

1