Көрменің мақсаты белгілі қазақ жазушысы және ағартушысының
шығармашылығымен оқырмандарды кеңінен таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің көрмеге қойылған повестері мен әңгімелері, өлеңдері, шығармашылығы мен педагогикалық қызметі туралы
қызық ақпараттар барлық оқырман көңіліне ұсынылды. Әсіресе, «Кел, балалар
оқылық», «Таза бұлақ» «Өнер-білім бар жұрттар», «Ыбырай Алтынсарин
Шәкәрім Құдайбердіұлы», Ә.Сыдықовтың «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық пікірлері.
Айта кетсек, Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам
қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей
қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым
көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды.