Печать

Жиынды мектеп бастығы полковник Газиз Ауесканұлы Тулеушев ашып, "Қазақтың басты құндылығы - Тәуелсіздік. Алаштың айбынын асырып, ата-баба армандаған күнге жетіп, жасампаздықтың даңғыл жолына түскенімізге 30 жыл толып отыр.Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.  Мемлекеттігіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздіктің 30 жылғы кезеңі ел тарихындағы ерекше кезең.  Егемен мемлекеттің соңғы отыз жылдағы елеулі жетістігі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатымен, сондай-ақ тәуелсіздіктің бастауында тұрған білімді, кәсіби, талантты қазақстандықтардың, яғни отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды",- деп сөзін аяқтай келе, мектеп бастығының орынбасары-мектеп академиялық басқармасының бастығы подполковник Ануарбек Мейрамбекович Оршабековті медальмен, ал мектеп академиялық басқармасының орынбасарларына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінен келген грамоталарымен табыстап, тәрбие және идеологиялық басқармасының қызметкерлерін мақтау грамотасымен, сонымен бірге " Айбын-2021" VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жүлделі орындарға ие болған ұландарды, ұстаздарды, әскери қызметшілерді, жеке құрамды мақтау грамоталарымен марапаттап, алғыс жариялады. Әрі қарай салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.