Печать

Жуырда Қарулы Күштер Орталық Қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары, генерал-майор Нагуманов Марат Сералиевич Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектеп кітапханасында ұландармен кездесу өткізді. Сондай-ақ, ҚК дің ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы, армия генералы Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы ҚК-дің ардагерлер қоғамдық бірлестігінің атынан А.Бектің «Арпалыс" ("Волоколамск тас жолы") кітаптарын сыйлап, ұландарға А.Бектің «Арпалыс» кітабы көркем қиялдан жасалатын үйреншікті әдеби туынды емес, панфиловшылардың аты-жөндері толық сақталып, олар қатысқан ұрыстар сол қалпында суреттелетін әскери-документті шығарма екенін, орыс жазушысы Александр Бектің таңдаулы шығармасының басты кейіпкері–қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының аты аңызға айналған қолбасшының ұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті терең ашылып, көркем шешімін тапқан кітап екенін айтты.

Кездесу барысында генерал-майор Нагуманов Марат Сералиевич мәңгілік ел ұлттық идеясы туралы ой бөлісіп, әңгімелеу барысында өз өмірбаянымен ұландармен бөлісті. Қызығушылық танытқан ұландар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар айтылды. Аға буын өкілдерінің әрбір әңгімесі өскелең жастар үшін үлкен өнеге. Әскери қызметтің қыр-сырына қаныққан айбынды ағалардай болуды армандаған ұландарға бұл кездесудің әсері зор болды.

1