Печать

Шымкент "Жас ұлан" мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне - 30 жыл толу мерейіне орай "Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте" атты онкүндік аясында 23-қараша күні "Тәуелсіз ел - болашақ кепілі" тақырыбында роталар арасында көңілді тапқырлар кеші (КВН) өтті. Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатымен өткен "Жайдарман-2021" нәтижесінде:

1-орын 2 оқу ротасы "Жас сарбаз" командасы;
2-орын 4 оқу ротасы "Болашақ генералдар" командасы иеленсе,

3-орынды екі бірдей командалар 3 оқу ротасы "Өнер ұландары" мен 1 оқу ротасы "Тузелбаевские тигры" командалары иеленді.
Кеш қорытындысында мектеп бастығы полковник Г.А. Тулеушев өз сөзінде: "Бүгінгі көңілді тапқырлар кешіне қатысқан командалардың барлығы да әзіл-қойылымдарында әскери тематиканы орынды қолданып, арзан күлкіден сақтанған, мағынаның астарын түсінген жастар. Бүгін, расында, "Жас ұлан" мектебі жеңді", - деп жас ұландарды келер 2022 жылдың көктемінде болатын қалалық КВН сайысына дайын болуға шақырды.